Беларусьтік жартылай қорғаушы Павел Седько павлодарлық «Ертістен» кетуге жақын, деп хабарлайды ASnews.kz.
Футболшының өкілдері Қазақстан және Беларусьтің бірнеше клубымен келіссөз жүргізіп жатыр.
28 жастағы жартылай қорғаушы биыл «Ертістің» негізгі құрамында тұрақты түрде өнер көрсетіп келеді. Ол осы маусымда 13 матчқа қатысып, 2 гол мен 1 нәтижелі пасты өз атына жазды..
Павел Седько павлодарлық клубқа өткен маусымаралық кезеңде Беларусьтің «Торпедо-БелАЗ» командасынан ауысып келген болатын.
Қазіргі таңда футболшының трансферлік құны 600 мың еуроға бағаланып отыр.
Фотода: Павел Седько.














