Қазақстан дзюдо федерациясы 2026 жылы Жапонияның Айчи–Нагоя қаласында өтетін XX Жазғы Азия ойындарына қатысатын ұлттық құраманың тізімін ресми түрде жариялады.
Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді. Ал дзюдодан жүлделер 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында сарапқа салынады.
Ұлттық құраманың бапкерлер кеңесінің шешімімен Қазақстан атынан жарысқа жеті ер және жеті әйел спортшы қатысады.
Ерлер құрамасы:
- 60 келі – Елдос Сметов;
- 66 келі – Ғұсман Қырғызбаев;
- 73 келі – Бақытжан Абдурахманов;
- 81 келі – Алмат Әділет;
- 90 келі – Айдар Арапов;
- 100 келі – Марат Байкамуров;
- +100 келі – Ерасыл Қажыбаев.
Әйелдер құрамасы:
- 48 келі – Әбиба Әбужақынова;
- 52 келі – Меруерт Сәрсенова;
- 57 келі – Дана Әбдірова;
- 63 келі – Эсмигүл Куюлова;
- 70 келі – Ажар Асхат;
- 78 келі – Екатерина Токарева;
- +78 келі – Аида Тойшыбекова.
Айта кетейік, XX Жазғы Азия ойындары 2026 жылдың 19 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында Жапонияның Айчи–Нагоя қаласында өтеді.
Фото: instagram.com/kaz_judoteam.














