Кездесу 2:6, 6:4, 6:4 есебімен Тирантенің пайдасына аяқталды. Матч барысында Джоковичтің жағдайы нашарлап, сербиялық спортшы бір сәтте тізерлеп отырып қалды. Осыдан кейін оған медициналық тайм-аут берілді.
Осылайша Джокович Цинциннатидегі жарысын ерте аяқтады. Ал Тиранте келесі кезеңде 20 жастағы испаниялық Мартин Ландалуспен кездеседі.
Цинциннати турнирі 13-20 тамыз аралығында өтеді. Ерлер арасындағы жекелей сындағы жүлде қоры 9,4 млн долларды құрайды. Турнирдің қазіргі чемпионы — испаниялық Карлос Алькарас.
Фото: Emilee Chinn/Getty Images.














