Әйелдер арасындағы 800 метрге жүгірудің іріктеу кезеңінде Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Аяна Болатбекқызы өз тобында алтыншы болып мәреге жетті. Жалпы нәтижесінде 12-орынға тұрақтаған отандасымыз ақтық кезеңге өте алмады.
Кейін әйелдер арасында 5000 метрге жүгіруден финалдық жарыс өтті. Бұл сында Қазақстан намысын Нора Джеруто Тануи мен Дэйзи Джепкемей қорғады. Нәтижесінде Нора Джеруто бесінші орын алса, Дэйзи Джепкемей жетінші орынға жайғасты.
5000 метрге жүгіруде Бахрейн өкілі Уинфред Яви жеңімпаз атанды. Жапониялық Нозоми Танака күміс медаль иеленсе, Үндістан спортшысы Парул Чаудхари қола жүлдеге қол жеткізді.
Фото: Владислав Семёнов, Сали Сабиров














