Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ресми күнтізбесіне енген жарысқа жеті елден 230 спортшы қатысады деп жоспарланған.
Турнирде Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Черногория, Ресей және Өзбекстанның ерлер мен әйелдер құрамалары бақ сынайды. Жарысқа Өзбекстанның Олимпиада чемпионы Диёра Келдиёрова да қатысады. Бұл ол үшін Олимпиада ойындарынан кейінгі алғашқы жарыс болмақ.
Азия ашық кубогының жүлдегерлеріне әлемдік рейтинг ұпайлары беріледі. Алтын медаль иегері 100, күміс жүлдегер 70, қола жүлдегер 50 ұпай еншілейді.
Жарыс бағдарламасы:
17 қазан
- Ерлер: −60, −66, −73 кг.
- Әйелдер: −48, −52, −57, −63 кг.
18 қазан
- Ерлер: −81, −90, −100, +100 кг.
- Әйелдер: −70, −78, +78 кг.
Айта кетейік, турнир Ақтауда екі күн бойы өтеді. Жарысқа қатысушылар әлемдік рейтингтегі ұпайларын толықтыруға мүмкіндік алады.
Фото: Өзбекстан ҰОК.














