Сәтпаев бұл матчта алғаш рет жаңа командасының өтініміне еніп, ойынды қосалқы құрамда бастады. Екінші таймда, 57-минутта ол Джош Лоренттің орнына ойынға қосылды.
Қазақстандық шабуылшы алаңға шыққан сәтте «Бернли» 1:2 есебімен жеңіліп жатқан еді. Көп ұзамай «Вест Бромвич» пенальтиден тағы бір гол соғып, басымдығын арттырды.
Сәтпаев «Бернли» сапында 12-нөмірмен өнер көрсетеді. Ол ағылшын клубына Лондонның «Челсиінен» жалға берілген.
Осылайша, қазақстандық футболшы Англиядағы жаңа кезеңін ресми түрде бастап, Чемпионшиптегі алғашқы минуттарын өткізді.
Фото: әлеуметтік желіден.














