Турнирде екінші нөмірмен тіркелген Данилина мен Крунич ширек финалда жетінші нөмірлі жұп – Эллен Перес және Деми Схюрспен кездесті. 1 сағат 39 минутқа созылған матчта қазақстандық-сербиялық дуэт 6:2, 7:6 есебімен жеңіске жетті.
Енді жартылай финалда Данилина мен Крунич жапониялық Сюко Аояма және тайваньдық Энь-Шуо Лян жұбына қарсы ойнайды.
Айта кетейік, биылғы Ролан Гаррос 2026 турнирінің жалпы жүлде қоры 61,723 миллион еуроны құрайды. Ал жұптық сында чемпион атанған теннисшілер командасы 600 мың еуро сыйақы алады.
Фото: Getty Images.














