Клуб мәліметінше, атақты футболшы ұзаққа созылған сырқаттан кейін Ирландияның Корк графтығында көз жұмған. Соңғы жылдары ол деменциямен күрескен.
Бобби Тэмблинг «Челси» сапында 1959 жылы небәрі 17 жасында дебют жасап, алғашқы матчында-ақ гол соққан. Лондондық клубтағы мансабында ол 202 голдың авторы атанып, 43 жыл бойы команданың үздік сұрмергені рекордын ұстап тұрды. Тек 2013 жылы Фрэнк Лэмпард бұл көрсеткіштен асып түсті.
Сондай-ақ Тэмблинг әлі күнге дейін «Челси» тарихындағы бір матчта ең көп гол соққан ойыншы ретінде рекорд иесі саналады. Ол 1966 жылы «Астон Вилла» қақпасына бес гол енгізген болатын.
«Челси» клубы аңыз шабуылшымен қоштасып, оның есімі клуб тарихында мәңгі сақталатынын мәлімдеді.
Фото: әлеуметтік желіден.














