Daily Mail басылымының хабарлауынша, «Челси» басшылығы бапкермен арадағы келісімді бұзуға асықпайды. Клуб Алонсоға өз жұмысын жалғастырып, команданың нәтижесін жақсарту үшін уақыт беруге ниетті.
Ағылшын Премьер-лигасының соңғы төрт турында лондондықтар үш рет жеңіліс тапты. «Сандерлендке» (0:1), «Тоттенхэмге» (0:2) және «Лидске» (1:4) есе жіберді. Ал осы аралықта тек «Манчестер Юнайтедті» (2:0) жеңе алды.
Қазіргі уақытта «Челси» АПЛ турнирлік кестесінде 16 ұпаймен сегізінші орында тұр. Келесі турда Хаби Алонсо шәкірттері «Ноттингем Форестпен» кездеседі.
Фото: Alex Grimm / Getty Images.














