Футболдан 2026 жылғы Қазақстан кубогы 1/16 финалы 8 және 9 сәуір күндері өткізіледі.
Биыл турнир 1/16 финал кезеңінен бастау алады. Ерекшелігі оған әуесқой лиганың екі жеңімпазы қатыса алады. Жеңімпаз бір ойынның нәтижесімен анықталады.
8 сәуір
14:00. «Талас» — «Қайсар»
14:00. «Ансат» — «Тобыл»
14:00. «Жас Қыран» — «Атырау»
15:00. «Академия Оңтүстік» — «Ордабасы»
15:00. «Жайық» — «Қайрат»
15:00. «БКС» — «Астана»
18:00. «Тұран» — «Елімай»
19:00. «Қаршыға» — «Жетісу»
9 сәуір
14:00. «Zhelaev Nan» — «Алтай»
14:00. «Хромтау» — «Жеңіс»
15:00. «Арыс» — «Ақтөбе»
15:00. «Батыр» -«Каспий»
15:00. «Шахтер» — «Оқжетпес»
15:00. «Тараз» — «Ұлытау»
16:00. «Хан тәңірі» — «Қызылжар».
«SD Family» командасының биыл біріншілігіне қатысудан байланысты «Ертіс» 1/8 финалына бірден жолдама алды.
Қазақстан кубогы 1992 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін барлығы 15 команда кубокты жеңіп алды. Оның ішінде «Қайрат» (Алматы) – 10, «Жеңіс» (Астана), «Астана», «Тобыл» (Қостанай) – 3, «Ақтөбе», «Қайсар» (Қызылорда), «Ордабасы» (Шымкент) – 2, «Атырау», «Ертіс» (Павлодар), «Тараз», «Шахтер» (Қарағанды),«Восток» (Өскемен), «Алматы», «Достық» (Алматы), «Спартак» (Семей) 1 мәртеден жеңімпаз атанды.
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі.














