Боксшының сөзінше, менеджерлер командасы алдағы жоспарды әзірлеп қойған.
«Мен қазақстандық менеджерлермен жұмыс істемейтіндіктен, олардың барлық жоспарын толық біле бермеймін. Бірақ олар алда үлкен жекпе-жектер күтіп тұрғанын айтты. 31 қазанда Эр-Риядта Канело жұдырықтасатын бокс кеші өтеді. Егер бәрі сәтімен болса, мен де сол кеште шаршы алаңға шығамын. Әзірге қарсыласым белгісіз, бірнеше үміткер қарастырылып жатыр», – деді Нұрмағанбет.
Қазақстандық боксшы соңғы кездесуін Алматыда ресейлік Артыш Лопсанға (14-4-2, 9 KO) қарсы өткізіп, бесінші раундта нокаутпен жеңіске жеткен болатын.
Бек Нұрмағанбет кәсіпқой рингте 2020 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақытқа дейін 16 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 14 жеңісі нокаутпен аяқталған.
Айта кетейік, Нұрмағанбет әлемнің абсолютті чемпионы Сауль «Канело» Альварестің командасында жаттығып, мексикалық жұлдыздың тұрақты спарринг-серіктесі ретінде де танымал.
Фото: Әлеуметтік желіден.














