• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Понедельник, 11 мая, 2026
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET  - спортқа ұтыс тігулер
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Олимпиада

«Астана» шабандозы Хайнань жарысында жеңіске жетті

154,6 шақырымдық соңғы кезең жаппай спринтпен аяқталды

20/04/2026
in Олимпиада
0 0
0
15 жастағы қазақ теннисшіcі Қытайдағы турнирде топ жарды
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Қытайдың Санья қаласында өткен көпкүндік «Хайнань туры» веложарысының жалпы есебінде XDS Astana Team командасының шабандозы Томас Сильва жеңімпаз атанды.

Баотин — Санья бағыты бойынша өткен 154,6 шақырымдық соңғы кезең жаппай спринтпен аяқталды. Бұл кезеңде Li Ning Star командасының өкілі Александр Салби жеңіске жетсе, екінші орынды Душан Райович (Solution Tech NIPPO Rali), үшінші орынды Норман Вахтра (China Anta – Mentech Cycling Team) иеленді.

Томас Сильва финалдық кезеңде жүлдегерлер қатарына кірмегеніне қарамастан, жалпы есепте көшбасшылықты сақтап, «Хайнань туры-2026» жарысының жеңімпазы атанды. Ол бір күн бұрын кезеңде жеңіске жетіп, жалпы есепте көшбасшылықты өз қолына алған еді.

— Бұл жетістікке өте қуаныштымын. Біз жарысты жоғары деңгейде өткіздік, команда бір апта бойы ұйымшылдықпен жұмыс істеді. Бұл мен үшін маңызды жеңіс, — деді Сильва команда баспасөз қызметіне.

Команданың техникалық менеджері Дмитрий Седун жарыстың қиындықтарына алдын ала дайын болғандарын атап өтті.

— Біз бұл жарысты жақсы білеміз, сондықтан қандай қиындықтар күтіп тұрғанын алдын ала болжадық және соған дайын болдық. Жеңіс үшін күресе алатын және командаға тиімді көмектесетін шабандоздардан барынша оңтайлы құрам жасақтауға тырыстық. Әрине, аптап ыстық барлығына әсер етті, алғашқы күндер оңай болған жоқ, бірақ біз оны еңсердік. Негізгі кезеңдерге мұқият дайындалып, нәтижесінде көздеген мақсатымызға жеттік. Бұл жарыс пен ондағы жеңіс команда үшін де, демеушіміз үшін де маңызды болды, сондықтан жеңістің бізге бұйырғанына қуаныштымыз. Алайда маусым жалғасуда, алда әлі де маңызды жарыстар көп, сондықтан жақсы көңіл-күймен Еуропаға оралып жатырмыз, — деді ол.

Тағы бір шабандоз Николя Винокуров жарысты алтыншы орынмен аяқтап, үздік азиялық велошабандозға берілетін көк жейдені жеңіп алды.

Айта кетейік, Томас Сильва бұл жарыста бұған дейін де екі кезеңде топ жарған болатын.

Фото: Tour of Hainan.

Tags: Astana Qazaqstan TeamXDS Astana Teamвелоспорт
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
15 жастағы қазақ теннисшіcі Қытайдағы турнирде топ жарды

«Ақтөбе» «Жеңістен» жеңіліп қалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Талдықорғанда жүзуден 2026 жылғы Қазақстанның жазғы чемпионаты өтіп жатыр

Талдықорғанда жүзуден 2026 жылғы Қазақстанның жазғы чемпионаты өтіп жатыр

06/05/2026
Сурдлимпиадада жүлде алған спортшыларға 5,5 млрд теңге төленді

Қамшыбек Қоңқабаевтың жекпе-жегі өтпейтін болды

06/05/2026
Сурдлимпиадада жүлде алған спортшыларға 5,5 млрд теңге төленді

Norway Chess Women 2026: Бибісара Асаубаева 6 ойыншының қатарына енді

06/05/2026
Сурдлимпиадада жүлде алған спортшыларға 5,5 млрд теңге төленді

Елдос Сметов ұзақ үзілістен кейін татамиге қайта оралады

06/05/2026

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

Талдықорғанда жүзуден 2026 жылғы Қазақстанның жазғы чемпионаты өтіп жатыр

Талдықорғанда жүзуден 2026 жылғы Қазақстанның жазғы чемпионаты өтіп жатыр

06/05/2026
Сурдлимпиадада жүлде алған спортшыларға 5,5 млрд теңге төленді

Қамшыбек Қоңқабаевтың жекпе-жегі өтпейтін болды

06/05/2026

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In