Таңжарықованың айтуынша, көпшілік арасында спортшыларға мемлекеттен миллиондаған қаржы бөлінеді деген жаңсақ пікір қалыптасқан.
«Неліктен біреулер бізге мемлекет тарапынан миллиондаған қаржы жұмсалады деп ойлайды? Біз мемлекеттен ай сайын 320 мың теңге және әлем чемпионатындағы жеңіс үшін 2300 АҚШ доллары көлемінде сыйақы аламыз. Маңғыстау облыстық спорт басқармасынан ешқандай жалақы алмаймыз. «Sport Qory» спортты қолдау қоры мен федерация қаражаты бюджеттен бөлінетін қаржы емес. Бұл қаражат команданың жұмысын қаржыландыруға тікелей бағытталады.
Федерация желісі бойынша берілетін барлық сыйақылар мен жүлдеақылар – спортшының адал еңбегімен тапқан қаражаты. Бұл оның жеке табысы және оны өз қалауынша пайдаланады. Біз де Қазақстанның барлық азаматтары сияқты салық төлейміз. Қорытындылай келе, мемлекеттік қаржыландыруды жеке және бюджеттен тыс қаражаттан ажырата білу маңызды. Қорытынды жасап, көпшілік алдында мәлімдеме таратпас бұрын фактілерді тексерген жөн. Өзгенің еңбегін құрметтеу – өз сөзің үшін жауапкершіліктен басталады», – деп жазды ол.
Фото: әлеуметтік желіден.














