Қайғылы оқиға 24 маусым күні Венесуэланың Яракуй штатында магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі қуатты жер сілкінісі болған кезде орын алды. Сол сәтте жергілікті екінші дивизионның «Маритимо де Ла-Гуайра» клубында өнер көрсететін Лукас Трехо командасымен бірге Каракаста матчқа дайындалып жатқан. Ал оның отбасы тұрған Ла-Гуайрадағы көпқабатты тұрғын үй толықтай қираған.
Футболшы үш тәулік бойы жақындарын тірі табудан үмітін үзбей, құтқару жұмыстарына қатысып, әлеуметтік желілер арқылы көмек сұрады. Алайда іздестіру операциясы аяқталған соң оның жұбайы мен екі баласының қаза тапқаны расталды.
Қайғылы хабардан кейін «Маритимо де Ла-Гуайра» клубы, Трехоның бұрынғы командалары және Оңтүстік Америка футбол қауымдастығы ойыншыға көңіл айтты. Аргентиналық қорғаушы биыл ақпан айында Венесуэла клубына ауысқан болатын. Бұған дейін ол Аргентина, Грекия, Перу, Колумбия және АҚШ чемпионаттарында өнер көрсеткен.
Фото: әлеуметтік желіден.














