Испаниялық «Вильярреал» бельгиялық «Андерлехттің» 22 жастағы орталық жартылай қорғаушысы Нейтан Салибаның трансферін келісті, деп хабарлайды инсайдер Фабрицио Романо, деп жазады ASnews.kz.
Клубтар арасындағы мәміле сомасы 15 миллион еуроны құрайды. Таяу уақытта хавбек медициналық тексерістен өту және жеке келісімшартқа қол қою үшін Испанияға аттанады.
«Андерлехт» Еуропа лигасы іріктеуінің плей-офф кезеңінде алматылық «Қайратқа» қарсы қарымта матч алдында орталық шептегі негізгі ойыншысынан айырылып отыр.
Алматыда өткен алғашқы ойын бельгиялықтардың 3:0 есебіндегі жеңісімен аяқталған болатын.
Фотода: Нейтан Салиба.














