• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Вторник, 13 октября, 2026
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET  - спортқа ұтыс тігулер
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Футбол

Қазақстандық футбол клубтарына миллиондаған айыппұл салынды

Тізімде кімдер бар

13/10/2026
in Футбол
0 0
0
Қазақстандық футбол клубтарына миллиондаған айыппұл салынды
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) Премьер-лига клубтарына тәртіп бұзушылықтар үшін жалпы сомасы 4,41 миллион теңге айыппұл салды. Жазаланған командалардың қатарында «Алтай», «Жеңіс», «Каспий» және «Ақтөбе» бар, деп жазды INFORMSPORTS.

Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және этикалық комитеті 2026 жылғы 25 қыркүйектегі отырысында ел чемпионатының 6, 25 және 26-турларындағы матчтарға қатысты шешімдер қабылдады.

Тәртіптік жазалар жанкүйерлердің пиротехника қолдануы, стадиондағы қауіпсіздік талаптарының бұзылуы, матчтардың кеш басталуы, ойыншылардың көп ескерту алуы және өзге де оқиғаларға байланысты тағайындалған.

Ең ірі айыппұлдардың бірі «Алтайға» салынды. Клуб «Қайсарға» қарсы кездесуде жанкүйерлерінің файер қолданғаны үшін 60 АЕК, ал бес футболшысының сары қағаз алғаны үшін тағы 100 АЕК төлеуге міндеттелді. Жалпы айыппұл — 160 АЕК. Сонымен қатар қақпа торының бүлінуіне байланысты ойынның үш минут кеш басталғаны үшін клубқа ескерту жасалды.

«Жеңіс» те 160 АЕК көлемінде айыппұл арқалады. «Ақтөбемен» өткен матчтың бес минутқа кеш басталғаны үшін 60 АЕК, бес ойыншысының ескерту алғаны үшін 100 АЕК айыппұл белгіленді.

«Каспийге» де 160 АЕК айыппұл салынды. Команда жанкүйерлерінің «Қайратқа» қарсы матчта балағат сөздер айтқаны үшін 60 АЕК төлейді. Ал «Ақтөбемен» кездесуде пиротехника қолдану, матчтың ресми тұлғасын қорлау және дрон ұшыру фактілері үшін тағы 100 АЕК айыппұл тағайындалды.

«Ақтөбе» клубына жалпы 120 АЕК айыппұл салынды. Оның 60 АЕК-і «Жеңіспен» ойынның кеш басталуына, қалған 60 АЕК-і көрермендердің алаңға шығуына байланысты қауіпсіздік талаптарын қайталап бұзғаны үшін берілді.

«Жетісу», «Қызылжар» және «Ертіс» клубтарының әрқайсысына 100 АЕК көлемінде айыппұл белгіленді.

«Жетісу» «Ертіске» қарсы матчта төрт футболшысының сары қағаз алуына, бас бапкерінің ескерту алуына және бір ойыншысының алаңнан қуылуына байланысты жазаланды. Сонымен қатар Сержан Мужиков қарсыласын гол соғудың айқын мүмкіндігінен айырғаны үшін бір матчқа шеттетілді.

«Қызылжар» төрт ойыншысы мен бас бапкер көмекшісінің ескерту алуына байланысты айыппұл төлемек.

Ал «Ертіс» пен «Оқжетпес» арасындағы кездесу жедел жәрдем көлігінің уақытында келмеуінен тоғыз минут кеш басталған. Осы жағдай үшін павлодарлық клубқа 100 АЕК айыппұл салынды.

Сондай-ақ «Оқжетпес», «Қайсар» және «Ордабасы» клубтарына 60 АЕК-тен айыппұл тағайындалды.

«Оқжетпес» жанкүйерлерінің файер қолданғаны үшін жазаланса, «Қайсар» матч аяқталғаннан кейін бөгде адамдардың алаңға шығуына және жанкүйерлердің дауыс зорайтқыш пайдалануына байланысты айыппұл алды.

«Ордабасы» мен «Астана» кездесуінде алаң маңында бөгде адамдар мен мотоциклдердің болуы, сондай-ақ жанкүйерлердің дыбыс күшейткіш құрылғыларды қолдануы тәртіп бұзушылық ретінде тіркелді.

«Астанаға» ақшалай айыппұл салынған жоқ. Алайда «Елімаймен» матчқа жедел жәрдем көлігінің кеш келуіне байланысты ескерту берілді.

ҚФФ шешіміне сәйкес, клубтар барлық ақшалай айыппұлды 2026 жылғы 25 қазанға дейін төлеуге тиіс.

Федерацияның мәліметінше, тәртіптік шаралар ҚФФ-ның қолданыстағы тәртіптік регламентіне сәйкес қабылданған.

Фото: ҚФФ.

Tags: "Алтай" ФК«Жеңіс» ФКҚазақстан Премьер-лигасыҚазақстан футбол федерациясыҚПЛФутбол
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Юлия Путинцева Қытайдағы турнирде үшінші жеңісіне қол жеткізді

Юлия Путинцева Қытайдағы турнирде үшінші жеңісіне қол жеткізді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақстан жастар құрамасының вингері «Ақтөбеге» көшуге жақын

Белгілі медиаменеджер Аманбаев қазақстандық клубты басқаруы мүмкін

13/10/2026
Қазақстан жастар құрамасының вингері «Ақтөбеге» көшуге жақын

Қазақстан жастар құрамасының вингері «Ақтөбеге» көшуге жақын

13/10/2026
Путинцева Уханьда камбэк жасап, келесі кезеңге өтті

Путинцева Уханьда камбэк жасап, келесі кезеңге өтті

13/10/2026
Уразбахтин Еурокубокқа баратын «Қайрат» құрамын анықтады

«Рига» бас бапкері «Қайратқа» қарсы жоспарын айтты

13/10/2026

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

Қазақстан жастар құрамасының вингері «Ақтөбеге» көшуге жақын

Белгілі медиаменеджер Аманбаев қазақстандық клубты басқаруы мүмкін

13/10/2026
Қазақстан жастар құрамасының вингері «Ақтөбеге» көшуге жақын

Қазақстан жастар құрамасының вингері «Ақтөбеге» көшуге жақын

13/10/2026

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In