Белгілі медиаменеджер әрі журналист Эльдар Аманбаев отандық футбол ұжымдарының бірінде басшылық қызметке тағайындалуы мүмкін, деп хабарлайды ASnews.kz.
Дереккөздің мәліметінше, оған екі бірдей клубтан нақты ұсыныс түскен. Олардың бірі еліміздің теріскейінен болса, екіншісі оңтүстік өңірдің намысын қорғайтын ұжым.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Аманбаев бірқатар коммерциялық телевизиялық жобалармен айналысып жатыр. Функционер өзінің мансабына қатысты түпкілікті шешімді биылғы маусым аяқталғаннан кейін қабылдайды.
Ол бұған дейін Qazsport телеарнасы мен бірқатар спорттық БАҚ-тағы жұмысы арқылы жанкүйерлерге жақсы таныс.
Фотода: Эльдар Аманбаев













