Аделина Земс Жапониядағы ХХ жазғы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды.
Земс әйелдер арасындағы 400 метрге кедергілер арқылы жүгірудің финалында 54,58 секунд нәтиже көрсетіп, екінші орынға ие болды.
Бірінші орынды Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілі Мариам Карим жеңіп алды. Ол қашықтықты 54,31 секундта еңсерді. Земс чемпионнан 0,27 секундқа қалып қойды.
Аделина Земс бұған дейін жабық ғимараттағы Азия чемпионатында 4×400 метрлік эстафетадан төрт рет чемпион атанған.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы














