Отандық күрес допинг дауынан көз ашпай қойды.
Өткен айда бес бірдей балуанымыздан тыйым салынған препарат табылып, спорттан уақытша шеттетілді. Оның ішінде тарихи жетістік тіркеп, әлем чемпионы атанған Мадхия Усманова да бар.
Енді, міне, жуырда ғана Қазақстан Кубогінде топ жарған Омар Жұмаш та осы жағдайға тап болды.
Бұл — өте үлкен проблема.
Допинг дауының тұрақты шығуы жүйенің әбден іріп-шіріп, бір жолға түсе алмай жатқанын аңғартады.
Қысқасы, жайдарманшылар мен сайықмазақтарды вице-президент қылып, күлкілі видео түсіргенше, мықты спорттық дәрігерлер мен фармацевттерді тартып, балалардың жағдайын реттеңдер. Жақсы диетологтар шақырыңдар. Жақсы витаминдер алып беріңдер.
Көзбояушылық емес, нақты жұмыс керек!
Пікір иесі: Аслан Каженов.
Фото: alypsok.kz.













