• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Четверг, 4 июня, 2026
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET  - спортқа ұтыс тігулер
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Ұзынқұлақ

Чесноков небәрі 6 айдан кейін «Тобылға» қайта оралмақ

Эдинбургте тұрақтай алмады

26/05/2026
in Ұзынқұлақ, Футбол
0 0
0
Чесноков небәрі 6 айдан кейін «Тобылға» қайта оралмақ
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Ислам Чесноковтың Еуропалық мансабы бұрылысқа тап болды. Өткен жазда алдын ала келісімшартқа қол қойып, осы жылдың қаңтар айында ғана Шотландиялық «Хартс» клубына үлкен үмітпен ауысқан отандасымыз Шотландия астанасы Эдинбургте тұрақтай алмады. Ұлыбритания футболына бейімделе алмаған шабуылшы небәрі 6 айдан кейін Қазақстанға қайтып келудің аз-ақ алдында тұр, деп хабарлайды Aladop.kz.

Ислам Чесноковтың Шотландиядағы дебюті Шотландия кубогы аясындағы «Фалкиркке» қарсы кездесуде өтіп, артынша бірден Эдинбург дербиі секілді деңгейі жоғары қызу матчқа қатысқан болатын. Алайда «Хартстың” қою шие түсті жейдесін киген Қазақстандық футболшының статистикасы мақтанарлықтай болмады.

Ислам 6 айдың ішінде «Хартс” сапында бар-жоғы 11 кездесуде алаңға шықты. Бұл ойындарда ол өз еншісіне тек 1 ғана гол жазып, ешқандай нәтижелі пас бере алмады.

Еуропадағы мұндай нәтижесіздік ойыншының өзіне де, Шотландиялық клуб басшылығына да ұнамағаны анық. Осы себепті ол өзінің бұрынғы ұжымы қостанайлық «Тобылға» қайта оралу нұсқасын қарастырып жатыр.

heartsinsider хабарлауынша, Ислам Чесноковтың «Тобыл» сапына жалға берілу мәселесі қазір белсенді талқыланып жатыр. Қостанайлық клуб өздерінің бұрынғы көшбасшысын жазғы трансферде құшақ жая қарсы алуға дайын.

Чесноковтың Шотландиядан кетуі және «Тобылға” ауысуы алдағы халықаралық матчтардан кейін, яғни ұлттық құрамалар үзілісі аяқталған соң ресми түрде шешіледі деп күтілуде. Егер қос тарап келісімге келсе, трансфер жақын күндері жабылады.

Tags: "Тобыл" ФК“Хартс” ФКИслам ЧесноковҚПЛлегионерлерФутбол
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Жапония құрамасының экс-ойыншысы ҚПЛ клубына келмек

Жапония құрамасының экс-ойыншысы ҚПЛ клубына келмек

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Заңғар Нұрланұлы «Ролан Гарростың» ширек финалына шыға алмады

Қазақстандық 5 боксшы World Boxing рейтингінде көш бастап тұр

04/06/2026
Заңғар Нұрланұлы «Ролан Гарростың» ширек финалына шыға алмады

Данилина — Крунич жұбы «Ролан Гарростың» жартылай финалына шықты

04/06/2026
Заңғар Нұрланұлы «Ролан Гарростың» ширек финалына шыға алмады

Арина Соболенко «Ролан Гаррос» турнирін аяқтады

04/06/2026
Заңғар Нұрланұлы «Ролан Гарростың» ширек финалына шыға алмады

UFC-дің бұрынғы чемпионы Еркебұлан Тоқтарды жекпе-жекке шақырды

04/06/2026

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

Заңғар Нұрланұлы «Ролан Гарростың» ширек финалына шыға алмады

Қазақстандық 5 боксшы World Boxing рейтингінде көш бастап тұр

04/06/2026
Заңғар Нұрланұлы «Ролан Гарростың» ширек финалына шыға алмады

Данилина — Крунич жұбы «Ролан Гарростың» жартылай финалына шықты

04/06/2026

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In