Англия Премьер-лигасына жолдама алған «Ковентри Сити» клубы қазақстандық жас футболшыға қызығушылық танытып отыр, деп жазады penalty.kz.
Сәтпаевтың жолын жалғай ма?
Клуб скауты ойыншының потенциалын жоғары бағалайды. Ағылшын клубы футболшының ойынын былтырдан бері бақылап келеді.
“Тұяқбаев — «Ковентри» бақылайтын ойыншылардың көлемді тізімінде. Ол дарынды, бірақ көп тәжірибе жинауы керек. Біз Англияға көшкеннен кейін қиындықтарға тап болған көп таланттарды көрдік. Қазір клуб осындай трансферлермен мұқият жұмыс істейді, бірақ мен скауттық қызмет Азаматтың дағдыларымен жақсы таныс деп сенімді түрде айта аламын. Ол өзін «Қайраттың» негізгі құрамында көрсетуі керек, бұл оның қолынан келетініне күмәнім жоқ», – деді маман ASnews.kz сайтына берген сұхбатында
Англиялық клуб туралы не белгілі?
“Ковентри” жақында мерзімінен бұрын Чемпионшипті жеңіп алып, 25 жылдан кейін АПЛ-ға оралды. Қазір клуб құрамының нарықтық құны шамамен 193,9 млн еуро.
Биылғы трансферлерден суринамдық Жано Маркелоның командаға ауысуы ең қымбат көрсеткіш ретінде 5 млн еуроға бағаланады, келісімшарт 2030 жылдың жазына дейін жарамды. Жалпы Ағылшын Премьер-Лигасына алдағы маусымда 20 команда қатысады.
Фото: instagram/aza_tuyakbaev17.














