• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Понедельник, 22 июня, 2026
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET  - спортқа ұтыс тігулер
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Бокс

5 алтын, 3 қола: Қазақстан боксшылары Әлем кубогында үздік үштікке енді

Медаль саны бойынша Қытайдан кейін екінші орынға жайғасты

22/06/2026
in Бокс
0 0
0
Қазақстандық семсерлесуші Азия чемпионатында тарихи алтын жеңіп алды
Facebook бөлісуTelegram бөлісу
Қытайдың Гуйян қаласында бокстан өткен Әлем кубогының екінші кезеңі мәресіне жетті. 15-21 маусым аралығында ұйымдастырылған халықаралық додаға 44 елден 300 боксшы қатысты.

Қазақстан құрамасы турнирге 17 спортшы апарып, жалпыкомандалық есепте үздік үштіктен көрінді. Ұлттық құрама жарысты 5 алтын және 3 қола медальмен аяқтап, медаль саны бойынша Қытайдан кейін екінші орынға жайғасты.

Қазақстан құрамасы сапынан бес боксшы Әлем кубогының жеңімпазы атанды. Олар: Санжар Тәшкенбай 50 келіде, Абылайхан Жүсіпов 70 келіде, Айбек Оралбай 90 келіден жоғары салмақта, Назым Қызайбай 54 келіде және Виктория Графеева 60 келіде алтын медаль жеңіп алды.

Бұл турнир Қазақстан құрамасы үшін бірнеше тарихи және маңызды нәтижемен есте қалды. 70 келі салмақта өнер көрсеткен Абылайхан Жүсіпов қарсыластарының бәрінен басым түсіп, Әлем кубогында алғаш рет топ жарды.

Ал Назым Қызайбай отандық бокс тарихында Әлем кубогын екі түрлі салмақта жеңіп алған алғашқы қазақстандық боксшы атанды. Бұған дейін ол 48 келіде жеңімпаз болса, бұл жолы 54 келіде үздік шықты.

Виктория Графеева да ерекше жетістікке қол жеткізді. Ол Әлем кубогында үш мәрте чемпион атанған алғашқы қазақстандық боксшы болды. Бұған дейін Графеева Қазақстан мен Бразилияда өткен кезеңдерде жеңіске жетсе, енді Қытайдағы додада да алтын медаль иеленді.

Санжар Тәшкенбай мен Айбек Оралбай Әлем кубогында екінші рет жеңімпаз атанды. Екі боксшы да финалдық кездесулерінде сенімді өнер көрсетіп, ұлттық құраманың жалпы нәтижесіне қомақты үлес қосты.

Осылайша Қазақстан құрамасы Әлем кубогындағы өз тарихындағы екінші үздік көрсеткішін тіркеді. Жалпы есепте бірінші орынды Қытай құрамасы иеленді. Турнир қожайындары 5 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. Қазақстан 5 алтын және 3 қола жүлдемен екінші орынға тұрақтады. Үздік үштікті 4 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль иеленген Өзбекстан құрамасы түйіндеді.

Фото: ҚБФ.

Tags: Боксбокстан әлем кубогіҚазақстан бокс федерациясы
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Қазақстандық семсерлесуші Азия чемпионатында тарихи алтын жеңіп алды

Жібек Құламбаева титул жеңіп, әлемдік рейтингте жоғарылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Ислам Чесноков ақыры «Тобылға» оралады

“Спартак” Максим Самородов бойынша келіссөздерді әлі бастаған жоқ

22/06/2026
Ислам Чесноков ақыры «Тобылға» оралады

Магомед Адиев “Витебск” клубының бас бапкері қызметінде қалады

22/06/2026
Ислам Чесноков ақыры «Тобылға» оралады

Қазақстан алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатын өткізбек

22/06/2026
Ислам Чесноков ақыры «Тобылға» оралады

Аргентина — Австрия: кім үш ұпай алады

22/06/2026

Ең көп оқылған

Ислам Чесноков ақыры «Тобылға» оралады

“Спартак” Максим Самородов бойынша келіссөздерді әлі бастаған жоқ

22/06/2026
Ислам Чесноков ақыры «Тобылға» оралады

Магомед Адиев “Витебск” клубының бас бапкері қызметінде қалады

22/06/2026
Ислам Чесноков ақыры «Тобылға» оралады

Қазақстан алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатын өткізбек

22/06/2026
Ислам Чесноков ақыры «Тобылға» оралады

Аргентина — Австрия: кім үш ұпай алады

22/06/2026

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

Ислам Чесноков ақыры «Тобылға» оралады

“Спартак” Максим Самородов бойынша келіссөздерді әлі бастаған жоқ

22/06/2026
Ислам Чесноков ақыры «Тобылға» оралады

Магомед Адиев “Витебск” клубының бас бапкері қызметінде қалады

22/06/2026

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In