Курихара Puyo Puyo Champions ойыны бойынша Puzzle дисциплинасында топ жарды. Айти-Нагоядағы жарыстың топтық кезеңінде жапондық киберспортшы төрт кездесудің барлығында жеңіске жетті. Ол бұл кезеңде қазақстандық Александр Пивоваровты да ұтты.
Плей-офф кезеңінде Курихара Сингапур өкілін 5:0, Таиланд спортшысын 10:1, ал Оңтүстік Корея киберспортшысын 10:2 есебімен жеңіп, чемпион атанды.
2015 жылғы 18 маусымда дүниеге келген Юки Курихара Азия ойындарындағы ең жас чемпион атану жөніндегі рекордты жаңартты. Бұған дейін бұл көрсеткіш 2023 жылы Ханчжоудағы Азия ойындарында 13 жасында скейтбордингтен алтын алған қытайлық Цуй Чэньсиге тиесілі болған.
Фото: Getty Images.














