«Парк де Пренстегі» кездесуде 78-минутта пенальтиден гол соққан Донелл Мален қазіргі чемпионның барлық турнирдегі қатарынан 12 жеңістік сериясын тоқтатты.
Ойын басында Марио Эрмосо «Романы» алға шығарды. Кейін бұрыштама добынан соң баспен соққан Илья Забарный есепті теңестірсе, екінші таймда алаңға шыққан Усман Дембеле пенальтиден ПСЖ-ны алға сүйреді. Қорытынды нәтижені екінші таймда қосылған Мален бекітті.
ПСЖ бапкері Луис Энрике қарсыластың ойынын жоғары бағалады.
«Еш күмәнсіз, бұл — биылғы маусымдағы ең ауыр ойынымыз болды. Нәтижеге көңілім толады, мұнда «Романың» еңбегі зор. Мұндай рух пен менталитеті бар командаға қарсы ойнау өте қиын»
Сондай-ақ испаниялық маман римдіктердің болашағы зор екенін айтып, оларды тек финалда ғана көргісі келетінін жеткізді.
Маленнің күзгі қарқыны бәсеңдер емес: сенбіде «Пармаға» (5:1) төрт гол соққан шабуылшы биылғы маусымдағы 16 матчта 17 допқа жетті (бесеуі — Чемпиондар лигасында). «Рома» бапкері Джан Пьеро Гасперини оны әлемдегі ең үздік шабуылшылардың бірі деп атап, қазіргі ең мықты командамен кездесуден кейін Римге зор қуанышпен қайтатынын айтты.
Бес турдан кейін ПСЖ 13 ұпаймен турнир кестесінде екінші орында келеді. Ал 5 ұпайы бар «Рома» 25-сатыда тұр.
Фото: Maja Hitij — UEFA / Contributor / UEFA.












