Англия Премьер-лигасының биылғы маусымында екінші орында келе жатқан «Брайтон» клубы Нидерландтың «Утрехт» командасында өнер көрсететін украиналық шабуылшы Артем Степановқа қызығушылық танытып отыр, деп жазады penalty.kz.
19 жастағы футболшы қаңтар айынан бері «Утрехт» сапында ойнайды. Оның трансферлік құқығы Германияның «Байер» клубына тиесілі, ал Нидерланд командасында жалға алу келісімі бойынша өнер көрсетіп жүр.
Степанов маусымды сәтті бастады
Жас шабуылшы биылғы маусымда Эредивизиде жоғары нәтижелілік көрсетіп келеді. Степанов Нидерланд чемпионатындағы алғашқы 10 матчында 6 гол соққан.
Ол физикалық қуаты, соққысы, әуедегі ойыны және жылдамдығы үшін «Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холандпен салыстырылып жүр.
«Брайтон» жаңа шабуылшы іздеп жүр
Sky Sports мәліметінше, «Брайтон» шабуыл шебін күшейтуді жоспарлап отыр. Артем Степанов клуб қарастырып жатқан кандидаттардың бірі саналады. Десе де, «Утрехттің» маусым соңында Степановты сатып алу мүмкіндігі бар.
Алайда «Байер» кейін футболшыны кері сатып алу құқығын пайдалана алады. Сондықтан украиналық шабуылшының болашағы бір ғана клубтың шешіміне байланысты емес.
Фото: dynamo.kiev.ua.














