Жарысты жоғары қарқынмен бастаған «Барыс» соңғы үш ойында жеңілді. Турнирлік кестенің үшінші сатысына дейін көтерілген Кравец шәкірттері қазір «Шығыс» конференциясында үздік сегіздікке кіру үшін жанталасып жатыр.
«Северсталь» болса «Батыс» конференциясында үшінші орында келеді. Қатарынан алты матчта жеңіске жеткен Козырев шәкірттері Астанаға жеңілу үшін келмейтіні анық. Қысқасы, «Барыс Аренада» бүгін өте тартысты матч күтілуде.
Жасанды интеллект болса әдеттегідей ойын алдында кімнің жеңіске жететінін болжады. Оның пікірінше, Череповецктен келген клуб бір шайба айырмасымен басым түседі. ЖИ «Барыстың» жеңіске жетуге мүмкіндігі аз деген қорытындыға келді.
Айта кету керек, қос команда өзара 35 рет кездесіп, оның 17-де «Барыс» жеңіске жетсе, қалған 18 матчта «Северсталь» басым түскен.
Фото: Барыс ХК.














