Бұрын «Тобыл» клубының спорттық директоры болған, қазір «Қызылжардың» бас менеджері қызметін атқарып жүрген Әлішер Апсалямов қысқы трансферлік кезеңде қостанайлық ұжымға көмектесті, деп хабарлайды ASnews.kz.
Дереккөздің мәліметінше, ол «Тобылға» венесуэлалық вингер Луис Герра мен марокколық Амин Талалды шақыруға тікелей атсалысқан.
Луис Герра бастапқыда «Қызылжарға» ауысуы тиіс болған, алайда петропавлдық клуб олан бас тартып, футболшы ат басын «Тобылға» бұрған.
Сонымен қатар қостанайлықтардың бас бапкері Нұрбол Жұмасқалиев белорусиялық Николай Сигневичтің орнына жаңа шабуылшы алуды сұрап отыр. Бұл жолы да оған Әлішер Апсалямов көмектесуі мүмкін.
Фото: Әлішер Апсалямов.














