• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Понедельник, 2 февраля, 2026
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET  - спортқа ұтыс тігулер
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Теннис

Александр Бублик: Ел намысын қорғау – үлкен жауапкершілік

Теннисші ұлттық құрама сапында ойнауды өз міндеті санайтынын атап өтті

02/02/2026
in Теннис
0 0
0
«Барыс» «Амурға» буллиттен есе жіберді
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Қазақстан құрамасының теннисшісі, ATP әлемдік рейтингінің алғашқы ондығына енген Александр Бублик мансабындағы психологиялық тұрғыдан ең күрделі ойындардың бірі ретінде Дэвис кубогын атады. Бұл туралы ол Kazinform агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Александр Бублик бұл ойын медиа өкілдерімен өткен жабық форматтағы meet & greet кездесу барысында бөлісті.

Спортшының айтуынша, командалық турнирдегі негізгі қысым ел намысын қорғау жауапкершілігімен тікелей байланысты.

– Дэвис кубогында сен өзің үшін емес, ел үшін ойнайсың. Бұл маған оңай болмады. Нақты осы жауапкершілікке байланысты ішкі қысымды қатты сезінемін, – деді ол.

Оның айтуынша, қоғамдық сынға онша мән бермегенімен, ішкі жауапкершілік үнемі сезіледі.

– Сынға сабырмен қараймын, шыны керек, аса мән бермеймін. Бірақ ел үшін ойнаудың жауапкершілігін сезінемін, – деді теннисші.

Александр Бублик соңғы жылдары Дэвис кубогы аясындағы нәтижелері ATP турындағы жетістіктерімен салыстырғанда төмен екенін де жасырмады.

– Осы уақыт ішінде мен рейтингтің алғашқы ондығына ендім, ATP турнирлерінде бірнеше титул жеңіп алдым. Бірақ Дэвис кубогында жеңістерім болған жоқ. Бұл, әрине, белгілі бір деңгейде қиындық тудырады, – деп мойындады ол.

Соған қарамастан, теннисші ұлттық құрама сапында ойнауды өз міндеті санайтынын атап өтті.

– Менің келмей қоюыма да болатын еді. Бірақ бұл маған тән әрекет емес. Қазақстан үшін ойнауды өз борышым деп есептеймін, – деді Александр Бублик.

Спортшы мансаптық өсуі мен әлемдік рейтингтің үздік ондығына енуі туралы айтып, шешуші кезең ретінде бұрынғы «жайлы аймақтан» шығуды және мүмкін болатын құлдырауды қабылдауды атады.

– Рейтингтегі 30-40-орындар мен үшін ыңғайлы болды. Ол жерде қысым аз. Ал алғашқы жүздіктен шығып қалған кезде, нәтиже үшін күрессіз теннис ойнау қызық емес екенін түсіндім, – деді ол.

Оның айтуынша, өзгерістерге саналы дайындық пен жаттығу процесіне деген көзқарастың өзгеруі әсер еткен.

– Бұл сиқырлы таяқшаның бір сілтеуі емес. Қосымша жауапкершілік пайда болды, мен соны жаттығу кезінде игере алдым, – деп атап өтті спортшы.

Алдағы мақсаттары туралы сұраққа жауап берген Александр Бублик өзін алғашқы ондықтың ойыншысы деп атауға әлі ерте екенін жеткізді.

– Алғашқы ондыққа кіру – бір бөлек, сол жерде бірнеше жыл бойы тұрақтап қалу – мүлде басқа дүние. Сондықтан өзімді ТОП-10 ойыншысымын деп айта алмаймын, – деді ол.

Алдағы күндері Александр Бублик Қазақстан құрамасы сапында Монако командасына қарсы Дэвис кубогының матчтарына қатысады.

6-7 ақпан күндері Астанада ерлер ұлттық құрамасы аталған қарсыласқа қарсы ойын өткізеді.

Егер Қазақстан құрамасы жеңіске жетсе, команда Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобына жолдама алады. Дэвис кубогы – ерлер арасындағы теннистен командалық әлем чемпионатына тең жарыс саналады.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform.

Tags: Александр БубликДэвис кубогыТеннис
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
«Барыс» «Амурға» буллиттен есе жіберді

Жәмилә Бақбергенова Ресейдегі халықаралық турнирде топ жарды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақстан құрамасына үміткер «Бавария» сапында жүр

Мозестің трансферінен кейін «Қайсар» жалақыға шектеу енгізді

02/02/2026
Қазақстан құрамасына үміткер «Бавария» сапында жүр

«Ертіс» «Атыраудың» экс-ойыншысын қатарына қосуы мүмкін

02/02/2026
Қазақстан құрамасына үміткер «Бавария» сапында жүр

«Қызылжардың» директоры «Тобылға» ойыншылар алып берді

02/02/2026
Қазақстан құрамасына үміткер «Бавария» сапында жүр

Қазақстан құрамасына үміткер «Бавария» сапында жүр

02/02/2026

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

Қазақстан құрамасына үміткер «Бавария» сапында жүр

Мозестің трансферінен кейін «Қайсар» жалақыға шектеу енгізді

02/02/2026
Қазақстан құрамасына үміткер «Бавария» сапында жүр

«Ертіс» «Атыраудың» экс-ойыншысын қатарына қосуы мүмкін

02/02/2026

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In