Саят Ілиясов бұған дейін Өзбекстан құрамасында табысты өнер көрсеткен. Ол 2022 жылы жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері, ал 2025 жылы 22 жасқа дейінгі Азия біріншілігінің чемпионы атанған. Аталған турнирдің 60 келі салмақ дәрежесіндегі финалында Ілиясов қазақстандық Илья Калининді жеңген болатын.
Енді боксшы Қазақстанның ішкі біріншілігінде Маңғыстау облысының атынан сынға түседі. Сондай-ақ оның Қазақстандағы жеке бапкері ретінде Марат Жакиевтің есімі аталып отыр.
Бұдан бөлек, наурыз айында «Adal» промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын кәсіпқой бокс кешінде Саят Ілиясовтың кәсіпқой бокстағы дебюттік жекпе-жегін өткізетіні туралы да ақпарат бар.
Айта кетейік, Саят Ілиясов Өзбекстанда дүниеге келген. Қандасымыздың тарихи отанына оралып, Қазақстан намысын қорғауы – отандық бокс үшін маңызды жаңалық.
Фото: Өзбекстан бокс федерациясы.













