Оның айтуынша, соңғы бір жыл ішінде қазақстандықтар жасаған бәс көлемі 1,6 триллион теңгеге жеткен. Ал ұтыс ретінде төленген сома 1,2 триллион теңгені құраған.
«Қайтарым деңгейі шамамен 75 пайызды құрайды, ал қалған 25 пайызы букмекерлік ұйымдардың үлесінде қалады. Яғни, 700 мыңға жуық адам тұрақты түрде бәс тігеді», — деді вице-министр.
Сонымен қатар Ержан Біржанов заңнамаға енгізілген өзгерістерге байланысты букмекерлік кеңселерден түсетін салықтық түсімдер азайғанын атап өтті.
Берілген деректерге сәйкес, букмекерлік бәс тігуге Қазақстандағы ересек тұрғындардың 15-20 пайызы қатысады.
Фото: finrussia.ru.













