Францияның Бар-ле-Док қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында үшінші санаттағы Tennis Europe турнирі мәресіне жетті.
Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 13 жастағы қазақстандық теннисші Айым Қанағатова сәтті өнер көрсетіп, беделді жарыстың финалына дейін жетті.
Айым шешуші бәсекеде ғана жергілікті теннисші Шарлотта Хакардқа жол берді – 1:6, 0:6.
Талдықорған теннис мектебінің түлегі Айым Қанағатова өткен жылы Tennis Europe жарыстарында жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтқанда, екі дүркін жекелей, бір рет жұптық сында жеңімпаз атанды.
Фото: ҚТФ.














