«Ақтөбе» футбол клубы Луиш Наниді ресми түрде таныстырды.
Қос тарап бір жылға жарамды келісімшартқа қол қойды.
Оның бір айлық жалақысы шамамен 70 мың долларды құрайды.
Ағылшын Премьер-лигасының 4 дүркін чемпионы, Еуропа чемпионы және Чемпиондар лигасының жеңімпазы португалиялық аңыз футболшы енді Қазақстан Премьер лигасында доп тебеді.
Фото: «Ақтөбе» ФК.














