• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Понедельник, 26 января, 2026
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET  - спортқа ұтыс тігулер
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Енді не істейміз?

Волейбол: «Жайық» аса тартысты матчта «Ақтөбені» жеңді

Үшінші үлкен тур ойындары 7-13 ақпан аралығында Орал қаласында өтеді

23/01/2026
in Енді не істейміз?, Олимпиада
0 0
0
Қызылорда билігі «Қайсарды» қаржыландыруды неге тоқтатпай отыр
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Ақтөбе және Талдықорған қалаларында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының үшінші кіші тур ойындары мәресіне жетті.

Ақтөбедегі бәсекелер әлдеқайда тартысты болды. «Ақтөбе», «Жайық» және «Атырау» бір-біріне лайықты қарсылас екендігін көрсетті.

Виктор Козик жаттықтыратын оралдықтар «Атырауды» бес сетте тізе бүктірсе, атыраулықтар кеше «Ақтөбені» 3:1 (25:15, 23:25, 29:31, 25:23) есебімен ұтып кетті.

Бүгін орталық матч өткен жылғы чемпион «Жайық» пен күміс жүлдегер «Ақтөбе» (бас бапкері Сергей Трикоз) арасында болды.

Қос команда да тісқаққан, тәжірибелі ойыншыларға сенім артты. Мысалы, украиналықтар, «Ақтөбенің» байланыстырушысы Роман Хандролиннің жасы 43-те болса, осы позициядағы оралдық Володимир Ковальчук 41-де еді.

Команда капитаны Айбек Неталин бастаған «Ақтөбе» сапында Бекарыс Ғабитұлы, ресейліктер Андрей Самойлов, Кирилл Костыленколар шабуыл шебін нығайтты.

«Жайықта» Орал волейболының түлектері Виталий Вориводин, Петр Чурзин, Владимир Прокофьевтерге Борис Кемпа, Нодирхан Қадырхановтар дем берді.

Бірінші партия 25:18 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Екінші сетте ақтөбеліктер 13:9 есебімен алға кетті. Осы мезетте В.Козик В.Ковальчуктың орнына оралдық жас Самғат Салахиятовты шығарып көрді. «Жайық» таразы басын теңестіріп, ақыры партияны өз есебіне жазды – 26:24.

Үшінші партияда «Ақтөбе» тағы да басымдылық танытты – 25:18.

Төртіншісінде «Жайық» есе қайырды – 25:21.

Шешуші, бесінші сетте оралдықтар 14:11 есебімен алда тұрған. Бірақ А.Неталин доп қосқан сәтте ақтөбеліктер таразы басын теңестірді. Дегенмен «Жайық» капитаны В.Вориводин доп бергенде, В.Козик шәкірттері жеңісті жұлып алды – 16:14. Қорытынды есеп – 3:2.

Талдықорғандағы кіші турда Марат Адрышев жаттықтыратын «Жетісу» үш бірдей қарсыласынан басым түсті.

Осылайша, ұпай санын 44-ке жеткізген талдықорғандықтар турнир кестесінде көш бастап келеді. «Ақтөбе» (37 ұпай) екінші сатыда. Қоржындарында 35 ұпайдан бар «Жайық» пен «Атырау» үшінші-төртінші орындарды бөлісіп тұр.

Үшінші үлкен тур ойындары 7-13 ақпан аралығында Орал қаласында өтеді.

Фото: «JAIYQ» Volleyball club.

Tags: "Ақтөбе" ФК"Жетісу" қыздар волейбол клубыволейбол
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Қазақстан құрамасы қорғаушысы “Астана” сапына қосылды

Қазақстан құрамасы қорғаушысы “Астана” сапына қосылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

16 жастағы қазақ баласы Бельгия чемпионатында гол салды

26/01/2026
Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

Ұлттар лигасы 2026/2027 – Ұлттық құрама қарсыластары кімдер?

26/01/2026
Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

«Астана» тәжірибелі қорғаушымен толықпақ

26/01/2026
Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

26/01/2026

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

16 жастағы қазақ баласы Бельгия чемпионатында гол салды

26/01/2026
Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

Ұлттар лигасы 2026/2027 – Ұлттық құрама қарсыластары кімдер?

26/01/2026

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In