Ыстанбұл қаласында 23-25 қаңтар аралығында WKF каратэден 2026 жылдың алғашқы Премьер-лига санатындағы бәсекесі өтеді.
Қазақстан каратэ федерациясынан мәлім еткеніндей, айтулы додада әр салмақта әлемдік рейтингіде үздік 32 спортшы ғана сынға түседі.
Бұл жарысқа Қазақстан әдеттегідей ауқымды командамен барады.
Әйелдер (кумите):
Айшабибі Шарахан (-55 кг),
Әсел Қанай (-61 кг),
Айжан Бәкірова (-61 кг),
Дайяна Даренская (-68 кг),
Софья Берульцева (+68 кг).
Ерлер (кумите):
Дархан Темірәлиев (-60 кг),
Жоламан Биғабыл (-60 кг),
Еркінбек Байтөреев (-67 кг),
Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг),
Әлихан Қадырғали (-84 кг),
Диас Анарбеков (+84 кг),
Диас Ұлбек (+84 кг).
Ыстанбұлдағы жарыста барлығы 65 елден іріктелген 382 каратэ шебері күш сынасады. Жекпе-жектер Халықаралық каратэ федерациясының YouTube арнасы (World Karate) арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.
Фото: Қазақстан каратэ федерациясы.














