Қазақстанның екінші, әлемнің 104-ракеткасы Александр Шевченко Аустралия ашық чемпионатын сәтті бастады.
Қазақстандық теннисші жарысқа іріктеу сайыстарынан кейін қосылған, рейтингіде 175-орындағы швециялық Элиас Имермен өткізді.
Матчты швециялық спортшы жақсы бастады – 6:3. Дегенмен бұдан кейін Шевченко ойын тізгінін қолына алып, камбэк жасай алды – 7:5, 6:4, 6:1.
Үш сағат 23 минутқа созылған тартысты бәсекеде Шевченко 9 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдаға асырды. Имер 1 эйс, 2 брейкпен (11 брейк-пойнт) шектелді.
Александр Шевченко үшінші айналымға шығу үшін америкалықтар, әлемнің 29-ракеткасы Лернер Тиен немесе рейтингіде 51-сатыдағы Маркос Хиронның қай жеңгенімен таласады.
Фото: tennisweekend.














