Қазақстандық теннисші, 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы Аустралияның Тралалгон қаласында жасөспірімдер арасында өтіп жатқан J300 турнирінде тарихи нәтижеге қол жеткізді.
Жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде 12-орында тұрған, осы жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген Заңғар Нұрланұлы алдымен ресейлік Марат Салбиевті ойсырата ұтты – 6:0, 6:3.
Содан кейін германиялық Оливер Маджанжиктен айласын асырды – 6:4, 6:1.
Заңғар үшінші айналымда жасөспірімдер арасында әлемнің 21-ракеткасы, америкалық Гавин Гудты қапы қалдырды – 7:6 (7:5), 6:1.
Осылайша, Заңғар Нұрланұлы қазақстандықтар арасынан алғаш рет аталмыш доданың ширек финалына шықты.
Қазақстандық жас спортшы жартылай финалға шығу үшін жасөспірімдер арасында әлемнің 5-ракеткасы, бразилиялық Луис Гуто Мигуэлмен таласады.
Тралалгон жарысы жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионаты қарсаңында өтіп жатыр.
Фото: ҚТФ.














