2026 жылғы 28 қаңтар күні жергілікті уақытпен 20:00-де (01:00 Алматы уақыты) Лондондағы Emirates Stadium стадионында УЕФА Чемпиондар лигасы аясында «Арсенал» – «Қайрат» матчы өтеді.
Қонақ секторына арналған билет Qairat SuperApp және Freedom SuperApp мобильді қосымшаларында сатылып жатыр. Билет қайтарылмайды.
Осылайша, қазақстандықтар алматылық клубты ағылшын Премьер-лигасының лидерлеріне қарсы өтетін тарихи ойында стадионнан қолдау көрсете алады.
Айта кетейік, Алматының «Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі жетінші тур аясында Бельгияның «Брюгге» командасымен ойнайды. Кездесу 20 қаңтарда «Астана Арена» стадионында өтеді. Ойынның Қазақстан уақытымен сағат 20:30-да басталады.
Фото: Kazinform.














