• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Понедельник, 26 января, 2026
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET  - спортқа ұтыс тігулер
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Ей, бұларың не?

13,3 млрд теңгенің есебі қайда? Депутат Спорт министрлігін сынға алды

Ол бюджеттен бөлінген қаражаттың әр теңгесіне ашық есеп беруді талап етті

15/01/2026
in Ей, бұларың не?, Енді не істейміз?, Олимпиада, Ұлттық спорт
0 0
0
Қазақстанда ойнаған танымал футболшы қаза болды
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Мәжіліс депутаты Данияр Қасқарауовтың айтуынша, жауапты министрлік бір медальді қанағат қылып отыр, деп жазады penalty.kz. 

Мәжіліс депутаты Данияр Қасқарауов 2026 жылы Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасының дайындық барысына қатысты өткір мәлімдеме жасады. Ол бюджеттен бөлінген қаражаттың әр теңгесіне ашық есеп беруді талап етті.

Депутаттың айтуынша, Олимпиадаға дайындыққа 13,3 миллиард теңге бөлінгенімен, оның қалай және қай бағытта игерілгені жөнінде қоғамға ашық әрі түсінікті ақпарат берілмеген.

«Италияда өтетін ақ Олимпиададан нақты қандай нәтиже күтеміз? Спортшылардың дайындығы тиісті деңгейде ме? Спорт және денешынықтыру істері комитетінің ресми сайтында мемлекеттік тілде мардымды ақпарат жоқ. Бюджеттің орындалуы туралы ақпараттар 2022 жылдан бері жаңартылмаған. Сонда қазына қаржысының қалай игерілгенін қайдан білеміз? Дайындыққа деп бөлінген 13,3 млрд теңгенің есебі неге жарияланбайды?» — деп жазды Қасқарауов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Депутат жауапты ведомствоның жұмысына да күмән келтірді. Оның сөзінше, ресми органдар бір ғана медальмен шектелуге дайын секілді әсер қалдырады.

«Нақты нәтиже көрсету үшін төрт жыл жеткілікті. Алайда біз әлі күнге дейін әлсіз және мықты тұстарымызды айқындап, жүйелі жұмыс жүргізе алмай келеміз. Жауапты министрлік бір медальді қанағат қылып отыр. Сонда бір жүлденің құны 13 млрд теңгеге бағаланғаны ма?» — деп мәселе көтерді депутат.

Алматы облысындағы «Қысқы спорт түрлерінен республикалық Алатау жоғары спорт шеберлігі мектебі» үш жылдан бері жабық тұр. Мәжіліс депутаты осы мәселеге де тоқталады.

«2022 – 2023 жылдары бұл мектептің күрделі жөндеуіне деп бюджеттен 3 млрд теңгеден астам ақша бөлінген. Бірақ мектеп әлі жұмыс істемейді. Есесіне сол толыққанды іске қосылмаған кәсіпорынға жыл сайын 1 млрд.теңгеден астам қаржы беріліп отыр? Не үшін?»

Айта кетейік, төрткүл дүние көз тіккен төртжылдықтың додасы таяған тұста кімнің ту ұстап шығатыны әзірге белгісіз. Ал ақ Олимпиада ақпанның 6-сы күні басталады.

Фото: olympic.kz.

Tags: ҚР Туризм және спорт министрлігіқысқы Олимпиада
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Қырғызстанда өтетін көшпенділер ойыны тізіміне қазақтың көкпары енді

Қырғызстанда өтетін көшпенділер ойыны тізіміне қазақтың көкпары енді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

16 жастағы қазақ баласы Бельгия чемпионатында гол салды

26/01/2026
Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

Ұлттар лигасы 2026/2027 – Ұлттық құрама қарсыластары кімдер?

26/01/2026
Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

«Астана» тәжірибелі қорғаушымен толықпақ

26/01/2026
Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

26/01/2026

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

16 жастағы қазақ баласы Бельгия чемпионатында гол салды

26/01/2026
Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

Ұлттар лигасы 2026/2027 – Ұлттық құрама қарсыластары кімдер?

26/01/2026

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In