Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы, «Алтай» клубының капитаны Сергей Хижниченко Алматылық «Қайраттың» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алдағы матчына қатысты өз болжамын айтты, деп хабарлайды Aladop.kz.
Жетінші тур аясында “Cары-Қаралар» Бельгияның «Брюгге» клубын қабылдайды.
Елордалық стадионның артықшылығы
Хижниченконың пікірінше, «Астана-Аренаның” ерекше аурасы мен жасанды төсеніші Алматылық клуб үшін үлкен басымдық болмақ. Тәжірибелі футболшы Еуропалық ұжымдардың мұндай алаңға бейімделуі қиын екенін алға тартты.
«Астана-Аренаның» сиқыры мен оның жасанды көгалының ерекшелігі баршаға мәлім. Ұлттық құрама мен «Астана» клубының Еурокубоктардағы ойындарынан байқағанымыздай, қарсыластарға бұл алаңға үйренісу өте қиынға соғады.” — деді Хижниченко Sports24.kz сайтында.
Шабуылшы «Қайраттың” биылғы деңгейі кез келген ұжымға қарсы тұруға қауқарлы екенін атап өтті. Оның айтуынша, басты мәселе — дайындық сапасында.
«Қайрат» кез келген қарсыласпен иық тіресіп ойнай алатынын көрсетіп жүр. Командаға жанкүйерлерді қуантып, маңызды ұпайлар еншілеуін тілеймін.” — деп түйіндеді сөзін футболшы.














