Түркиялық альпинист Левент Коч соңғы үш жылда әлемдегі ең көп шыңды бағындырған спортшы атанды, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.
46 жастағы спортшы 2023 жылы 81, 2024 жылы 101, ал былтыр 70 шыңды бағындырып, үш жыл қатарынан әлемдік рейтингтегі көшбасшылығын сақтап қалды.
Ол Әзербайжан шыңдарына жасаған жорықтарымен де есте қалды. Осы уақыт ішінде Коч Әзербайжан елінде орналасқан Шахдаг тауын бағындырды. Альпинист Нахчыван автономиялық республикасындағы Хачадаг тауына да шыққан. Грузиядағы Қазбек тауы мен Ирандағы Демавенд тауы сияқты биік тауларға да экспедициялар ұйымдастырғанын атап өтті.
— Әзірбайжан тауларының мен үшін маңызы зор. Шахдаг пен Хачадаг шыңдарына шығу ерекше тәжірибе болды, — деді Коч.
Айта кетейік, Левент Коч Түркияның ең биік шыңдары: Агра, Сюпхан және Джило тауын да бағындырды. Бір жылда Аладагларада 80-90 шыңды бағындырды. 2024 жылы ол 101-мен жеке рекорд орнатты.
Еске салайық, атыраулық альпинист 20 күнде екі алып шыңды еңсерді. Ол ең алдымен Ресей аумағындағы биіктігі 5621 метр болатын Эльбрустың Шығыс шыңына шықса, кейін Ирандағы Азияның ең биік жанартауы саналатын, теңіз деңгейінен 5610 метр биіктіктегі Демавенд шыңын бағындырған.
Фото: АЗЕРТАДЖ.














