Алматы қаласында әйелдер арасында тұңғыш рет ұйымдастырылған Қазақстан кубогі аяқталды.
Бұл турнирге еліміздің көптеген өңірінен келген 12 команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Қызылорда Korkyt Ata University командасы үздік нәтиже көрсетті. Қызылордалық арулар финалда Шымкент қаласындағы Dostyk University командасын 2:1 есебімен тізе бүктірді. Осылайша әйелдер арасындағы қызылордалық клуб Қазақстан кубогінің алғашқы иегері болды.
Ал Алматының «Қайрат» командасы мен «Ақтөбе» ұжымы қола жүлдені сарапқа салды. Нәтижесінде алматылықтар 5:1 есебімен жеңіске жетті.
Фото: Қазақстан футбол федерациясы.














