Оберхоф қаласында (Германия) биатлоннан әлем кубогі кезеңінің алғашқы жарыс күні аяқталды. Бұл туралы ҚР ҰОК мәлімдеді.
Қазақстан құрамасы спринт сайысына қатысып, төмендегідей нәтиже көрсетті:
Ерлер
— Әсет Дүйсенов — 78-орын
— Владислав Киреев — 82-орын
— Александр Мухин — 101-орын
Әйелдер
— Айша Ракишева — 92-орын
— Дарья Климина — 93-орын
— Полина Егорова — 94-орын
Фото: ҚР ҰОК.














