Бүгін, қыркүйектің онына қараған түні футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы екінші матчін өткізеді.
Қарсылас Словения құрамасы болады.
Любляндағы «Стожице» стадионындағы матч Астана уақытымен 23:45-те басталады. Ойынды Qazsport тікелей көрсетеді, трансляция телеараның ресми сайтында қолжетімді.
Матчке бас төреші португалиялық маман Жоау Пиньейру болады.
Қатар өтетін кездесуде Норвегия өз алаңында Аустриямен ойнайды.
Ұлттар лигасы В дивизионының 3-тобындағы бірінші тур ойындарында тең нәтижелер тіркелді: Қазақстан — Норвегия 0:0, Словения — Аустрия 1:1.
Фото: ©ҚФФ.