• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Суббота, 12 июля, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Енді не істейміз?

Холландтан қомсынбай, Эдегорды елемедік…

Бүгінгі бір ұпай оңайшылықпен келген жоқ

8 сентября, 2024
in Енді не істейміз?, Футбол
0 0
0
Холландтан қомсынбай, Эдегорды елемедік…
Facebook бөлісуTelegram бөлісу
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Алатау бөктерінде Норвегия футболшыларымен тең түсті (0:0).
Тәп-тәуір нәттже! FIFA рейтингінде 50-орында тұрған командамен итжығыс түстік. Ең бастысы, қоржынымызға бір ұпай салдық.
Әйтсе де, бөркімізді аспанға атуға – ерте әлі. Норвегияның гол соға алмай, сандалғыны… бізге өз деңгейімізді таразылауға мүмкіндік бермейді. Бұл елдің ұлттық құрамасы сапында әлемдік деңгейдегі жұлдыздар аз емес. Бірақ ұжым жоқ, бірлік жоқ, ойын жоқ.
 Норвегия құрамасы 2002 жылдан бері Әлем чемпионатының, 2004 жылдан бері Еуропа чемпионатының финалдық додасына шыға алмай жүрген – «босбелбеу» (ғафу етіңіздер), ортаңқол құрама. Бас бапкері Столе Сольбаккенді төрт жыл бойын неге ұстап отырғандарына таңым бар.
Жарайды, мұның бәрі – олардың өз шаруалары, өз мәселелері. Десек те, Холланд және Эдегор сынды «Алтын доптан» үміткерлері бар құраманың осылай кежегесі кейін тартып, өз мүмкіндіктерін толық жүзеге асыра алмай жүргендері бәрібір таңдандырады…
Енді өзіміздің Ұлттық құрамаға келейік. Бүгін статистикалық тұрғыда қонақтарға бар жағынан есе жіберіп алдық. Допқа иелік ету көрспеткішіміз 36 пайыз ғана болды. Қақпаға бағытталған соққылар мен бұрыштама добы қатынастары, дәл пастар және т.б… Бұлардың бәрін тізіп шығудың да қажеті болмас.
Әйтсе де, ойын өрнегіміз маздап көзге ұрмағанымен, нәтиже бар. Тең түстік. Норвегия сұрмергендерін тыпыр еткізбей, тұсаулап ұстадық. Адымдарын аштырмадық. Жігіттер жанкештілік танытты. Аянған жоқ. Қорғанысымыздың топсасы берік болды. АПЛ-дың ең үздік сұрмергені де бұзып-жарып өте алмады! Тамаша!
Ең бастысы, ұлттық құрама сапына Әлібек Қасым, Рамазан Кәрімов, Стас Покатилов, Талғат Құсәпов, Арман Кеңесов, Оралхан Өміртай сынды жігіттеріміздің оралғаны қуантады. Сағадат Тұрсынбай да бас бапкердің назарында екен.
Мұның алдындағы бас бапкеріміз қорғаныста буын алмасы процесі жақын екеніне мән бермей, ең соғында егде тартқан Малыйдың орнына кімді шығарарын білмей, «аһ ұрған», Тіпті орталық қорғаушы шебіне Марат Быстровты да шығарған.
Бүгін үш орталық қорғаушымыздың бірі Әлібек болды. Жаман емес сияқты. Марочкин де жас емес. Енді оның орнын Талғат пен Сағадаттың бірі басса, сенім үдесінен шықса дейміз. Жігіттер шыңдала түссе екен деген тілегіміз зор.
Бүгінгі бір ұпай оңайшылықпен келген жоқ. Төрт ойыншымыз ескерту алды. Әйтпесе, Норвегия шабуылшыларын тоқтату мүмкін емес еді. Келесі ойын – Словения құрамасымен (9 қыркүйек күні). Міне, нағыз жауапты сын – осы. Бұл – біздің құраманың қазіргі деңгейіне «өлшем, баға» бола алатын матч. «Балапандарды» сол ойынан кейін санаймыз.
Нұрғазы Сасаев.
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі өтетін уақыт белгілі болды

Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі өтетін уақыт белгілі болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

5 мая, 2025
Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

6 мая, 2025
Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

5 мая, 2025
Балауса Мұздыманның келесі қарсыласы белгілі болды

Умар Кремлев ІВА-ның бокстағы жетекші ұйым болып қалатынын мәлімдеді

6 мая, 2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Черногорияның 28 жастағы футболшысы «Астанаға» ауысты

«Бешикташ» Зайнутдиновті ресейлік клубқа сатудан бас тартты

11 июля, 2025
Черногорияның 28 жастағы футболшысы «Астанаға» ауысты

Қазақстан УЕФА рейтингінде өз орнын сақтап қалды

11 июля, 2025
Черногорияның 28 жастағы футболшысы «Астанаға» ауысты

Черногорияның 28 жастағы футболшысы «Астанаға» ауысты

11 июля, 2025
Сабыржан Аққалықов: Ендігі бағытым — әлем чемпионаты

Нұрсұлтан Құрман Қазақстан футзал қауымдастығының президенті болды

11 июля, 2025

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол

Соңғы Жаңалықтар

Черногорияның 28 жастағы футболшысы «Астанаға» ауысты

«Бешикташ» Зайнутдиновті ресейлік клубқа сатудан бас тартты

11 июля, 2025
Черногорияның 28 жастағы футболшысы «Астанаға» ауысты

Қазақстан УЕФА рейтингінде өз орнын сақтап қалды

11 июля, 2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In