Жаңа маусымның кестесі белгілі болды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Суперкубок: «Қайрат” пен «Тобыл» Астанада айқасады
Маусымның шымылдығы 28 ақпанда ресми түрде түріледі. Ел чемпионы Aлматылық «Қайрат” пен Кубок иегері Қостанайлық «Тобыл” бас қаладағы Астана-Аренада өзара мықтыны анықтайды. Осыдан тура бір апта өткен соң, 7-8 наурызда Премьер лиганың алғашқы турлары басталады.
Үйсіз клубтар: Кім қайда ойнайды?
Биылғы маусымның ең үлкен мәселесі — инфрақұрылым. Көптеген командалар стадиондарының дайын болмауына байланысты алғашқы ойындарын басқа қалаларда өткізуге мәжбүр:
- «Қызылжар” — Қостанайдағы «Тобыл-Арена” манежін паналайды
- «Елімай” — Астанада ойнайды
- «Ұлытау» — Түркістанға аттанады
- «Каспий” — Қызылордада қарсыластарын қабылдайды
- «Атырау», «Жетісу» және «Алтай» — бұл клубтардың өз алаңында ойнау-ойнамауы әлі де сұрақ астында.
Сондай-ақ Павлодарлық «Ертіс» те қиындыққа тап болып отыр. Сәуір айында Павлодарда көгал алмастыру жұмыстары басталатындықтан, команда бір-екі айға босқын күйін кешуі мүмкін.
Қазақстан Кубогы: Жаңа формат, жаңа мүмкіндік
Сәуір айында басталатын ел Кубогында да жаңашылдықтар бар. Дереккөздің мәліметінше ҚПЛ клубтары жарысты 1/16 финалдан бастайды. Егер төменгі лигалардан (Бірінші, Екінші және әуесқой лигалар) 16 команда жиналса, Премьер лига өкілдері қонаққа барады. Ал егер қатысушылар саны жетпесе, «Қайрат» пен «Тобыл” бірден 1/8 финалға жолдама алады.
Фотода: Қазақстан Суперкубогы.














