Қазақстанда футзал қарқынды дамып келеді. Қызу матчтар, керемет голдар және толассыз эмоциялар – мұның бәрі мини-футболды жанкүйерлер үшін нағыз мерекеге айналдырады. Біздің ұлттық құраманың және клубтарымыздың халықаралық аренадағы жеңістері миллиондаған қазақстандықтарға шабыт береді. Ал «Семей» ФК-ның дебюттік маусымдағы триумфалды өнері шынайы сенсацияға айналды – клуб ел чемпионы атанып, Еуропаның футзал Чемпиондар Лигасына жолдама алды.
Қазіргі уақытта «Семей» ұлттық және халықаралық деңгейде өз позицияларын белсенді түрде нығайтып келеді, оның айқын дәлелі – Қазақстанның алдыңғы қатарлы алтын өндірушісі Solidcore Resources компаниясымен серіктестік келісіміне қол қоюы.
Solidcore Resources-пен серіктестік – «Семей» ФК дамуының маңызды қадамы. Ынтымақтастық Қазақстанда футзалдың дамуына айтарлықтай үлес қосады.
Сонымен қатар, бірлескен әлеуметтік жобаларды іске асыру жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және футзалдың спорт түрі ретінде беделін арттыруға бағытталған.
«Бізге өсу мен дамудың жаңа көкжиектері ашылуда. Solidcore Resources тек алтын өндіру саласының көшбасшысы ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік жауапкершіліктің үлгісі. Біздің клуб үшін бұл серіктестік қызметімізді кеңейтуге, матчтар мен іс-шараларды ұйымдастыруды жақсартуға, сондай-ақ жастар мен жанкүйерлерге арналған жаңа бағдарламаларды құруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті осы орайда «Семей» ФК-ның бас директоры Азамат Аселқан.
Solidcore Resources пен «Семей» ФК арасындағы серіктестік – бұл бизнес пен спорттың өзара тиімді ынтымақтастығының жарқын мысалы.
Solidcore Resources әлеуметтік жауапты компания мәртебесін растайды. «Семей» ФК-ны қолдау – оның тұрақты даму принциптеріне және қоғамның әл-ауқатына деген қамқорлығына адалдығының тағы бір дәлелі. Спортқа инвестиция салу – бұл біздің балаларымыз бен жастарымыздың болашағына салынған инвестиция.
Елдегі жетекші алтын өндіруші бола отырып, компания тек экономикалық табысқа ұмтылмай, сондай-ақ өзінің қатысу аймақтарын дамытуға белсенді түрде инвестиция салады.
«Компания құрамына кіретін барлық кәсіпорындар аймақтардың әлеуметтік дамуына, оның ішінде спортқа ерекше назар аударады. Біз Қазақстандағы футболды дамытуға үлес қосқанымызға қуаныштымыз. «Семей» ФК жоғары нәтижелер көрсетеді және халықаралық аренада өздерін танытады деп үміттенеміз. Жалпы, Solidcore Resources спортты белсенді түрде қолдайды және оның дамуына ықпал етеді: біздің қатысу аймақтарымызда спорттық нысандар салынып, командалық ойындарға арналған алаңдар ашылуда, ал балалар жергілікті ғана емес, республикалық жарыстарға да қатысуда», – деп атап өтті «Solidcore Eurasia» ЖШС бас директоры Қанат Досмұқаметов.