Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Сочи» командасына қарсы өткізді.
Елордалық команда қатарынан екі мәрте жеңіске жетіп, турнир кестесіндегі жағдайын біршама жақсартып алған еді. Жанкүйерлер «Барыс» сол сәттілік сериясын жалғастыратынына үміт артқан болатын. Дегенмен ресейлік команда жинақы қимыл көрсетіп, ұпай қорын молайтуға тырысты.
Кездесу барысында «Сочи» қатарынан еекі шайба соғып кетті. Алдымен 3-минутта Денис Венгрыжановский есеп ашса, 4-минутта Даниил Сероух мергендігімен көзге түсті.
Ал 5-минутта «Барыс» сапынан Семён Симонов гол соқса, 10-минутта ресейлік клубтан Артём Волков басымдықты арттырды.
Ойынның 34-минутында «Сочи» сапынан Кэморон Ли, 58-минутта Денис Венгрыжановский қанжығасын майлады.
Осылайша елордалық клуб қарсыласына 1:5 есебімен есе жіберді.
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform.














