Команданың алдыңғы шебіндегі тәжірибелі ойыншы Элгуджа Лобжанидзе клубпен жаңа келісімшартқа отыруға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Футболшының айтуынша, тараптар негізгі шарттар бойынша ортақ мәмілеге келген. Қазіргі таңда тек техникалық мәселелер мен құжаттарға қол қою рәсімі ғана қалған.
“Мен «Жеңісте” қаламын. Біз келістік, бірақ әзірге бұл туралы ресми түрде жарияланған жоқ. Келісімшартқа оқу-жаттығу жиындары кезінде қол қоямын деп ойлаймын. Содан кейін бәрі нақты белгілі болады.” — деді Лобжанидзе Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында.














