Кентен Фольо (бұрынғы әлемнің 488-ракеткасы) келісілген матчтарға қатысы үшін 20 жылға дисквалификация алды, деп хабарлайды penalty.kz.
Ойын нәтижесін сатып, дәлелдерді жойған
Халықаралық теннистегі адалдық агенттігі (ITIA) жүргізген тергеу барысында 26 жастағы Фольо келісілген матчтармен айналысқан ойыншылар желісінің негізгі фигурасы болғаны анықталған. Олар белгілі бір синдикаттың тапсырмасымен әрекет еткен.
ITIA мәліметінше, француз спортшысы теннистегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарлама ережелерін 27 рет бұзған. Атап айтқанда:
- матчтардың нәтижесін әдейі бұрмалау;
- бәс тігу мақсатында әдейі толық күш салмай ойнау және соған ақша алу;
- басқа ойыншыларға келісілген матчқа қатысу үшін ақша ұсыну;
- істі жасыру мақсатында дәлелдерді жою.
Осылайша Фольоға кәсіби тенниспен айналысуға ұзақ мерзімге тыйым салынды.
Айыппұл мен қаржыны қайтару
Дисквалификациядан бөлек, Кентен Фольоға қосымша қаржылық жаза қолданылды:
- теннис құрылымдары тарапынан 70 мың доллар көлемінде айыппұл салынды;
- келісілген схемалар арқылы алған 44 мың доллардан астам заңсыз төлемдерді қайтару міндеттелді.
Фото: t-online.de.














