Кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтановқа (20–0, 11 КО) орта салмақтағы WBC чемпионы, доминикандық Карлос Адамеспен (24–1–1, 18 КО) міндетті титулдық жекпе-жек белгіленді.
Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.
Нұрсұлтанов WBC нұсқасы бойынша орта салмақ рейтингінде бірінші орында тұр және чемпиондық белдікке ресми үміткер мәртебесіне ие.
«Бүгін WBC Конвенциясында міндетті жекпе-жектер бойынша жыл сайынғы сессия өтті. Төменде сол жиында бекітілген бірқатар жекпе-жектерді көре аласыздар», — деп жазады The Ring басылымы Instagram парақшасында.
Мейірім Нұрсұлтанов соңғы рет 2023 жылдың күзінде Ташкентте рингке шығып, чилилік Хулио Аламосты төрешілердің бірауыз шешімімен жеңген болатын.
Фото: prosports.kz.














